COMPARATIVE ANALYSISOF THE COMPONENT COMPOSITION AND CONTENT OF SULFUR-CONTAINING COMPOUNDS IN NATURAL GAS FROM THE AMANGELDY AND ANABAY FIELDS (BASEDON DATA FROM 2024–2025

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/guxt6653
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 2024–2025 жылдардағы Амангелді және Анабай (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 170 км) кен орнындағы табиғи газдардың компоненттік құрамы мен күкіртті қосылыстар мөлшерінің динамикасына жүргізілген салыстырмалы талдау нәтижелері ұсынылған. Жұмыстың мақсаты –оңтайлы тазарту әдісін (цеолитті абсорбциялық әдіспен тазалау технологиясы) таңдауды негіздеу үшін шикізаттың нақты сапалық сипаттамаларын бағалау және динамикалық өзгерістерін салыстыру. Өндірістік мониторингтің статистикалық деректері негізінде, орташа көрсеткіштердің нормативтерге сәйкес. Бірақта шикізатта қиын алынатын ауыр меркаптандардың (негізінен 0,00382 г/м³ дейін 1-Бутантиол) болуы және күкіртсутектің(0,00650 г/м³ дейін) қысқа мерзімді шекті мөлшерден асуының қаупі бар екендігі анықталды. Мұндай флуктуациялар дәстүрлі абсорбциялық масса алмасу технологияларының тиімділігін төмендетеді