A STUDY OF PROCESSING IRON AND COPPER OXIDES FROM PYRITE ANDCHALCOPYRITE ORES ATTHE KOKKIYA DEPOSIT

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/wolt7715
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Жамбыл облысындағы Көкқия кенішінен алынған пирит пен халькопиритке бай сульфидті темір-мысқұрамды кендердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты –кеннің химиялық және минералдық құрамын анықтау, құрамындағы бағалы компоненттердің таралу ерекшеліктерін зерттеу және оларды өңдеу мүмкіндіктерін қарастыру. Зерттеу барысында кен сынамаларының химиялық құрамы, инфрақызыл спектрлері, морфологиялық ерекшеліктері және элементтік құрамы зерттелді. ИҚ-спектрлік талдау, сканерлеуші электрондық микроскопия және элементтік талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері Көкқия кенішінің кендері күрделі және біркелкі емес құрамымен сипатталатынын көрсетті. Флотациялық концентраттардың құрамынан көміртек, күкірт, кремний, алюминий, темір және басқа элементтер анықталды. Алынған нәтижелер кенді алдын ала өңдеу қажеттілігін және бағалы түсті және асыл металдарды бөліп алудың тиімді технологияларын таңдаудың маңыздылығын көрсетті. Кенді өңдеу кезінде экологиялық қауіптілігі төмен еріткіштерді және заманауи технологияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылды.