FLAVONOIDS AND PECTINS FROM ORANGE PEEL:CHEMICAL COMPOSITION, EXTRACTION METHODS, BIOLOGICAL ACTIVITY,AND APPLICATIONS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/siss3039
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Апельсин қабығы –цитрус жемістерін өнеркәсіптік өңдеу барысында көп мөлшерде түзілетін, флавоноидтар мен пектиндерге бай өсімдік текті қалдық. Осы шолу мақалада апельсин қабығының химиялық құрамы, негізгі флавоноидтары мен пектиндерінің құрылымдық ерекшеліктері, биологиялық белсенділігі, экстракция әдістері және практикалық қолданылу бағыттары ғылыми әдебиеттер негізінде талданды. Апельсин қабығында гесперидин, нарирутин, нобилетин және тангеретин сияқты флавоноидтар кездеседі. Бұл қосылыстар антиоксиданттық, қабынуға қарсы және микробқа қарсы қасиеттерімен сипатталады. Пектиннің функционалдық қасиеттері оның молекулалық массасына, метоксилдену дәрежесіне және тармақталған құрылымына тәуелді. Дәстүрлі қышқылдық экстракциямен қатар ультрадыбыстық, микротолқынды және ферменттік экстракция әдістерінің ерекшеліктері, артықшылықтары мен шектеулері салыстырылды. Апельсин қабығынан алынатын флавоноидтар мен пектиндерді функционалдық тағам өнімдерін, фармацевтикалық тасымалдаушы жүйелерді, биологиялық ыдырайтын қаптамаларды және сорбциялық материалдарды әзірлеуде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Талдау нәтижелері апельсин қабығын кешенді өңдеу цитрус қалдықтарының көлемін азайтып, жоғары қосылған құны бар өнімдер алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен бірге биоактивті қосылыстардың биожетімділігін, қауіпсіздігін және өндірістік ауқымдағы экстракция тиімділігін қосымша зерттеу қажеттілігі анықталды.