Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы протезді жад категориясы

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026phi3(123)/194-202
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасының көрнекті жазушысы А. Кемелбаеваның шығармашылығындағы протезді жад феномені қарастырылған. Қазіргі қазақ прозасының даму тенденцияларын «жады» және «протезді жад» ұғымдарына қатысты гуманитарлық зерттеулер контексінде қарастыру жұмыстың өзектілігін айқындайды. Бұған дейінгі зерттеулерде автор интерпретациясы шығармадағы позициясымен, тұлғасымен қарастырылып келсе, ұсынып отырған зерттеуімізде психологиялық ұғым саналатын «протезді жад» терминімен тікелей байланыста талданып отыр. Мақалада жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде автор тарапынан протезді жад терминіне қатысты теориялық зерттеулер қарастырылып, А. Кемелбаеваның шығармашылық кеңістігі талданып, протезді жадтың негізгі рөлі мен қызметі тұжырымдалады. Нәтижесінде протезді жад А. Кемелбаева туындыларындағы кейіпкерлер жүйесі арқылы тарихи контексін айқындайды. Осылайша автор тарихи оқиғаларды, ондағы кейіпкерлерді тікелей көрмесе де, сол дәуірдің мәдени маңызын ұрпақтан-ұрпаққа жеткен естелік әңгімелердің әсерімен жеткізеді. А. Кемелбаева шығармаларындағы мәдени нарратив, әдеби портрет протезді жадтың көркем репрезентациясы. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасында А. Кемелбаеваның шығармашылық әлемі өзіндік ерекшелікке ие. Әр туындысында халықтық таным, ұлттық болмыс авторлық интерпретация аясында асқан шеберлікпен суреттелген. Автор кейіпкерлер жүйесін, ондағы тарихи контексті өз естеліктерінің негізінде жүзеге асыру арқылы қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық-мазмұндық арнаны байыта түседі. Соның ішінде «жады» ұғымын негізге ала отырып, А. Кемелбаева прозасын талдау қазіргі қазақ әдебиеттануындағы жаңашыл ізденістердің қалыптасуына әсер етеді. Өйткені автор өзі бастан кешпеген оқиғаларды ұлттық бояумен беруде өзгенің естеліктерін негізге алады. Әсіресе «Мұнара» романында көрініс тапқан кейіпкерлер жүйесі автор бейнесін таныта түскенін көреміз. Осылайша А. Кемелбаеваның прозалық шығармаларында протезді жад — өткеннің бұлдыр естеліктері емес, авторлық интерпретация арқылы берілген тарихи тәжірибенің көрінісі. А. Кемелбаева шығармашылығын қарастыруда елеулі көркемдік құбылыс ретінде протезді жад ұғымының маңызы зор. Протезді жад терминін талдау, жан-жақты қарастыру ұлттық әдебиеттің жаңа арнада дамуын көрсетеді. Зерттеуде А. Кемелбаева прозасы протезді жадтың көркем репрезентациясы деп қарастырылды. А. Кемелбаева поэтикасында тарихи тақырыптар протезді жад аясында жүзеге асып, оның мәдени синтез ретіндегі қызметі көркем кеңістікте көрініс табады. Зерттеу барысында герменевтикалық, нарратологиялық, когнитивтік әдеби талдау әдістері протезді жадының көркем құрылымы, репрезентациясы сараланды. Протезді жадыны мәдени әрі нарративтік құбылыс ретінде тану зерттеудің өзегін құрайды. Мақала нәтижесі қазақ прозасындағы протезді жад феноменін жаңа теориялық аспектіде талдауға, пайымдауға мүмкіндік береді.