ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БОСТАНДЫҚ САЯСАТЫ: КАТОЛИК ШІРКЕУІНІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫ МЫСАЛЫНДА

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/gtfqpk73
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы діни бостандық саясаты католик шіркеуінің институционалдық дамуы мысалында талданады. Зерттеудің мақсаты –католик дінінің Қазақстандағы даму динамикасы арқылы мемлекеттік діни саясаттың тиімділігін бағалау. Зерттеуде Қазақстандағы діни саясат «инклюзивті зайырлылық» концептісі арқылы түсіндірілді. Бұл ұғым мемлекеттің зайырлы қағидаттарды сақтай отырып, түрлі діни конфессиялардың қызметіне құқықтық мүмкіндік беруін, олардың әлеуметтік белсенділігін қолдауын және конфессияаралық келісімді нығайтуын білдіреді. Қазақстан тәжірибесі зайырлылықтың қатаң шектеуші үлгісінен гөрі, діни әртүрлілікті мойындайтын және оны қоғамдық тұрақтылық факторы ретінде қарастыратын модельге жақын екенін көрсетті. Зерттеу барысында тарихи, институционалдық және құқықтық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің негізгі ғылыми жаңалығы – діни бостандық ұғымының абстрактілі құқықтық категория ретінде ғана емес, нақты діни институттың құқықтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және халықаралық даму деңгейі арқылы талдануында. Осы тұрғыда католик шіркеуі Қазақстандағы діни саясаттың тиімділігі мен ерекшеліктерін баға-лаудың маңызды индикаторы ретінде қарастырылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы діни бостандық саясатының институционалдық деңгейде табысты жүзеге асырылып отырғанын дәлелдейді. Католик шіркеуінің құқықтық танылуы, тұрақты ұйымдық құрылымы, әлеуметтік қызметтерінің дамуы және халықаралық байланыстары мемлекеттің діни әртүрлілікке қатысты теңгерімді әрі прагматикалық саясат жүргізетінін айғақтайды. Бұл Қазақстанның конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған дін саласындағы саясатының тиімділігін көрсетеді.