Қалдықтан – капиталға: Орталық Азиядағы (Қазақстан, Өзбекстан) циркулярлық маркетинг - Түркия тәжірибесімен салыстырмалы институционалдық талдау

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-3-167-182
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – Орталық Азиядағы (Қазақстан, Өзбекстан) циркулярлық маркетинг тәжірибелерін Түркияның институционалдық-технологиялық тәжірибесімен салыстырмалы талдау. Мақала экономика, маркетинг және экологиялық саясат саласындағы зерттеушілерге, сондай-ақ «жасыл» брендинг стратегияларын әзірлейтін мемлекеттік органдар мен бизнес-практиктерге арналған. Зерттеудің теориялық негізін институционалдық экономика, инновацияға негізделген өсу теориясы, циркулярлық экономика және жасыл маркетинг тұжырымдамалары құрайды. Әдістер – Дүниежүзілік банк, GreenEdge, KPMG және OECD есептеріндегі деректерді синтездеу, жүйелеу және салыстырмалы институционалдық талдау. Нәтижелер Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексі шеңберінде қалыптасқан реттеу тетіктерінің Түркияның «Нөлдік қалдық» бағдарламасы аясында жинақталған коммуникациялық және технологиялық тәжірибесімен үйлесетінін көрсетті. Түркияның тәжірибесі циркулярлық тұтынуды ынталандыру, экологиялық жауапты брендтерді ілгерілету және қалдықтарды басқару қағидаттарын маркетингтік стратегияларға енгізу үшін практикалық маңызға ие. Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан және Түркия арасындағы маркетингтік технологиялар трансферті мен институционалдық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары анықталды. Қорытындылар – циркулярлық маркетинг Орталық Азия нарығының тұрақты дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Аймақтық эко-ритейлді дамыту, жасыл коммуникацияларды күшейту және Түркияның тәжірибесін бейімдеу бойынша нақты ұсыныстар берілді.