Қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде болжаудың цифрлық және эконометриялық құралдары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-3-243-254
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты. Кәсіпорындарда қаржылық есептілік көрсеткіштерінің ақпараттық әлеуетін кеңейту негізінде кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін болжаудың тиімді интеграцияланған әдіснамасын әзірлеу, қаржылық болжауда қолданылатын заманауи цифрлық – эконометриялық құралдарды жүйелеу. Әдістері. Мақаланы зерттеу барысында ғылыми абстракция, салыстырмалы және жүйелік талдау, экономикалық-статистикалық талдау, регрессиялық талдау, уақыттық қатарлар модельдері және көпфакторлы экономикалық әдістер қолданылды. Аталған әдістерді ескере отырып, эконометриялық модельдердің параметрлерін бағалау, олардың статистикалық маңыздылығы мен дәлдігін тексеру, деректерді өңдеу мен талдаудың автоматтандырылған жүйелері, бизнес-аналитика платформалары және машиналық оқыту элементтері пайдаланылды. Нәтижелері. Жалпы қаржылық есептілік көрсеткіштерінің сапалық сипаттамалары: сенімділігі, толықтығы және салыстырмалылығы бағаланады. Олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы және кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін бағалаудағы рөлі айқындалады. Осы негізде қаржылық есептілік деректерін трансформациялау және интеграциялау арқылы қаржылық нәтижелерді болжау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсіл ұсынылады. Зерттеу нәтижелері қаржылық және басқарушылық есеп деректерін біріктіру ақпараттық асимметрияны төмендетіп, болжау нәтижелерінің сенімділігін арттыратынын көрсетті. Цифрлық аналитикалық құралдарды пайдалану кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, тәуекелдерді басқару және стратегиялық шешімдердің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтетіні дәлелденді. Қорытындылар. Келтірілген әдіснамалық тәсіл кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерін болжаудың ғылыми-практикалық негізділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері қаржылық есептіліктің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық трансформация жағдайында аналитикалық әлеуетті арттыруға және деректерге негізделген басқару жүйесін қалыптастыруға әдістемелік негіз болып табылады.