АҚ ЦЕМЕНТ КЛИНКЕРЛЕРІНІҢ КҮЙДІРУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖӘНЕ АҚТЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.468
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада ақ цемент клинкер күйдіру процесінде температураның әсері мен алынған ақ клинкердің ақтық дәрежесін анықтау нәтижелері келтірілген. Зерттеу заманауи түрлі түсті цемент өндірісі үшін, құрғақ құрылыс қоспа алуда және сәулет бұйымдарды жасауда өзекті болып табылады. Зерттеуде 1450-1500 °C температурада екі компонентті шикізат қоспаларынан тұратын үш құрамдарды күйдіру кезінде клинкер минералдарының бос СаО байланыспаған мөлшері және ақтық дәрежесі анықталды. «Әктас + электротермофосфор шлагы» шикізат қоспаларынан алынған клинкердің бос CaO мөлшері 0,33-1,98 % болды. «Әктас + каолин Ангрен» шикізат қоспаларынан алынған клинкердегі бос CaO мөлшері 0,27-1,22 % көрсетті, ал «Әктас + каолин Көкшетау» шикізат қоспаларынан алынған клинкердің бос CaO мөлшері 0,54-0,81 % болғаны анықталды. Клинкерлердің ақтық дәрежесі «Әктас + электротермофосфор шлагы» шикізат қоспасы үшін 75-76 %, «Әктас + каолин Ангрен» шикізат қоспасы үшін 79,6-85 % және «Әктас + каолин Көкшетау» шикізат қоспасы үшін75,7-84,5 % болды. Нәтижесінже бос СаО-ның клинкер минералдарымен байланысуы ГОСТ 31108-2020 бойынша белгіленген 2 %-дан жоғары емес және ГОСТ 965-89 бойынша 1-3 сұрыпты ақ клинкер алуға толық мүмкін екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, «Sastobe Technologies» ЖШС зауыт шламына 1 және 2 % CaF2, 1 және 2 % CaCl2, 2 және 4 % гипс және 5 және 10 % фосфор шлагы минерализаторларын қосу арқылы ақ портландцемент клинкерін алу зерттелді. 1500°C температурада күйдірілген клинкерлердің бос СаО-ның мөлшері СаОбос=2,02-11,2 % болды (2 %-дан жоғары), алынған клинкердің ақтық дәрежесі 71,5-88,7 % екендігі анықталды. Нәтижесінде клинкердің ақтық дәрежесі жоғары болғаны мен оның сапасы ГОСТ 31108-2020 талабына сәйкес келмейтіндігі айқындалды.