АНИЛИН, п-ФЕНИЛЕНДИАМИН, ФЕНОЛ ЖӘНЕ ФОРМАЛЬДЕГИД НЕГІЗІНДЕГІ КҮКІРТҚҰРАМДЫ КОМПОЗИТТЕРДІҢ СИНТЕЗІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.489
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта құрамында күкірт бар полимерлік және композициялық материалдарды алу мен зерттеу полимерлер химиясы мен материалтанудың өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Мұнай және газ өнеркәсібінде элементтік күкірттің көп мөлшерде жиналуы оны тиімді кәдеге жарату жолдарын іздеуді талап етеді. Осыған байланысты күкірт негізіндегі жаңа функционалдық материалдарды синтездеу және олардың қасиеттерін зерттеу ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады. Жұмыстың мақсаты анилин, п-фенилендиамин, фенол және формальдегид негізіндегі күкіртқұрамды композиттерді синтездеу және олардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында күкірттің анилинмен және п-фенилендиаминмен, сондай-ақ фенол және формальдегидпен сілтілік ортада әрекеттесуі нәтижесінде жаңа композиттік материалдар алынды. Анилин-п-фенилендиамин-күкірт жүйесінде алынған өнімнің шығымы 73,8 %, ал құрамындағы күкірт мөлшері 11,12 % құрады. Фенол-формальдегид-п-фенилендиамин-күкірт негізіндегі композицияда күкірттің массалық үлесі 7,14 % болды. Күкірт мөлшерінің материал қасиеттеріне әсерін анықтау мақсатында фенол–формальдегид–күкірт жүйесінде күкірттің мөлшері 3, 5 және 7 мольге дейін өзгертіліп, сәйкесінше күкірттің массалық үлесі 9,47; 10,58 және 12,23 % болатын композиттер синтезделді. Алынған өнімдердің құрылымы мен химиялық құрамын анықтау мақсатында инфрақызыл (ИҚ), ультракүлгін (УК) және ядролық магниттік резонанс (¹H және ¹³C ЯМР) спектроскопия әдістері қолданылды. ИҚ-спектроскопиялық зерттеулер барысында бастапқы компоненттерге тән функционалдық топтардың тербеліс жолақтарымен қатар, синтез нәтижесінде түзілген жаңа байланыстарға сәйкес келетін сигналдар анықталды. Атап айтқанда, C–S байланыстарының түзілуі күкірттің полимерлік құрылымға химиялық жолмен енгізілгенін көрсетті. УК-спектрлерде ароматты құрылымдарға тән жұтылу жолақтарының сақталуы композиттер құрамындағы ароматты фрагменттердің өзгеріссіз қалғанын дәлелдеді. ¹H және ¹³C ЯМР спектроскопия нәтижелері синтезделген материалдардың химиялық құрылымын қосымша растауға мүмкіндік берді.