ОРМАН ҚҰЛҚАЙЫРЫ ӨСІМДІГІНДЕГІ НАТРИЙ ЖӘНЕ КАЛИЙ ИОНДАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІН ИОНСЕЛЕКТИВТІ ЭЛЕКТРОД ҚАТЫСЫНДА ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1491.364
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Malva silvestris L.өсімдігінің түрлі мүшелерінен (жемісі, жапырағы, тамыры) алынған сулы сығындылар құрамындағы калий мен натрий иондарының мөлшерін анықтау үшін потенциометрияның ерекше түрі болып саналатын ионометрия қолданылды. Ионометр ионселективті электродтар көмегімен сулы ортадағы иондар концентрациясын өлшеуге арналған. Бұл әдіспен ионометриялық өлшеулерді жүргізу аналитикалық химияның дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда оңай және жылдам. Ионометрияда өлшеуді жоғары дәлдікте іске асыру үшін, өлшенетін орта оңтайлы сұйылтылуы, стандартты ерітінділермен ионометр калибрленуі және зерттелетін үлгідегі ион концентрациясы калибрлеудің шеткі диапазондар арасында болуы қажет. Суда еритін калий иондарының үлгідегі пайыздық үлесінің орташа шамасы бойынша өсімдік мүшелерін мына қатарға орналастыруға болады: жемісі (0,2400±0,0176%) < тамыры (1,2300±0,0516%) < жапырағы (2,6130±0,1676%). Бұл қатар натрий иондары үшін мына ретпен орналасады: жапырағы (0,0491±0,0009%) < тамыры (0,5416±0,1483%) < жемісі (0,5743±0,0242%). Ионометрия әдісі бойынша жасалған осы әдістемені аталмыш өсімдік шикізатынан биотыңайтқыштар мен биостимуляторлар жасағанда калий, натрий иондардың мөлшерінің өзгеру динамикасын бақылауда қолдануға мүмкіндік береді.