Аңдатпа
Бұл жұмыста орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін (ОЖЖ) басқарудың үн заманауи бағытын бір цифрлық контурға жинайтын тұжырымдамалық тәсіл ұсынылады. Бірінші бағыт ол жылу өндірудің экономикалық тиімділігін бағалайтын комполексмәнді өндірістік функция аппараты. Ол С.Г. Светуьков негіздеген комплексмәнді экономика әдіснамасына сүйенеді, әрі пайда мен өндірістік шығынның теңдігін бір критериймен сипаттайды. Екінші бағыт ол электрогидростатикалық жетек мысалында зерттелген сырғанау режимінде робастты басқару (SMC) әдісі қарастырылады, оның реттегіш параметрлерін баптауға жетілдірілген динамикалық құм мысығы іздеу алгоритмі (EDSCSO) қолданылады.Үшіншісі макродеңгейдегі физикалық басқарумен байланыстырады. Бұл үшін үйір интеллектісімен параметрленетін комплексмәнді сырғанау режимінде басқару (CV-SMC) тұжырымдамасы ұсынылады.Жүргізілген талдау ОЖЖ- нің параметрлік белгісіздігі мен энергия шығынын азайтуға бағытталған бес перспективалы зерттеу бағытын айқындады.