БИОСИГНАЛ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҚЫЛАУ ҮШІН МУЛЬТИСЕНСОРЛЫҚ INTERNET OF BODIES ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2026-144-3-140-150
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта адамның физиологиялық жағдайын нақты уақыт режимінде бақылау денсаулық сақтау, спорттық медицина, өндірістік қауіпсіздік және әскери мониторинг салаларындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Internet of Bodies (IoB) технологиялары негізінде жұмыс істейтін интеллектуалды мониторинг жүйелеріне қызығушылық артып келеді. Мақалада адамның биосигналдарын жинауға, өңдеуге және қашықтықтан бақылауға арналған мультисенсорлық жүйені әзірлеу мәселелері қарастырылады. Ұсынылған жүйе жүрек соғу жиілігін, қандағы оттегі қанығуын, дене температурасын, қозғалыс белсенділігін және геолокация параметрлерін бақылауға мүмкіндік береді. Аппараттық платформа ретінде ESP32 микроконтроллері, MAX30102, AD8232, DS18B20, MPU6050 және GPS модульдері пайдаланылды. Деректерді беру үшін MQTT хаттамасы мен Wi-Fi байланысы қолданылды. Эксперимент нәтижелері ұсынылған жүйенің биосигналдарды нақты уақыт режимінде сенімді бақылауға мүмкіндік беретінін көрсетті.