Р. МҰҚАНОВАНЫҢ «КҮНӘ» ӘҢГІМЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НАРРАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/btouph3.2026/355-367
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының көркемдік табиғаты мен нарративтік ерекшеліктері теориялық және практикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылады. Әңгіме – әдебиеттегі шағын көлемді, бірақ мазмұны терең прозалық жанр. Ол автордың көркемдік дүниетанымын, өмір шындығына көзқарасын нақты оқиға мен кейіпкер арқылы танытатын форма. Зерттеуде әңгіменің ішкі құрылымын, сюжеттік-композициялық ұйымдасуын, баяндау тәсілдерін (бірінші жақ, үшінші жақ, авторлық баяндау) және кеңістік пен уақыт координаталарын талдау негізгі орын алады. Мақалада баяндау формаларына (нарративтік позицияларға) ерекше назар аударылып, кейіпкердің ішкі әлемін, психологиясын ашуда ішкі монолог, естелік, психологиялық портрет, авторлық ремарка сияқты көркем тәсілдердің қызметі сараланады. Сонымен бірге қазіргі қазақ прозасында жиі кездесетін фрагментарлық құрылым, ретроспективті баяндау, көпфокалды наррация, метанарративтік элементтер, интертекстуалдылық сияқты құбылыстар авторлық стиль мен көркемдік ізденістердің жаңаша сипат алғанын айғақтайды. Нарратология тұрғысынан алғанда, әңгіме жанры – баяндаушы мен баяндалатын оқиғаның арақатынасын, кейіпкердің бейнелену тәсілін, көркем кеңістіктің ұйымдасу ерекшеліктерін көрсету арқылы қазіргі әдебиеттанудың сұраныстарына жауап береді. Осы орайда баяндаушының фокализациясы, хронотоп, ішкі-тысқы көркемдік байланыстар, оқырманмен интерактивті қарым-қатынас орнату элементтері де назардан тыс қалмайды. Мақала нәтижесінде әңгіме жанрының көркемдік болмысы Р. Мұқанованың «Күнә» әңһңгімесі тереңнен ашылып, оның нарратологиялық құрылымы қазіргі әдеби процестегі эволюциялық өзгерістермен сабақтастықта зерделенеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері мектептегі әдебиет сабағында көркем мәтінді оқытуда, оның құрылымдық-мағыналық қырларын талдауда, оқушылардың әдеби танымын арттыруда әдістемелік негіз бола алады. Бұл мақала әдебиеттанушыларға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, көркем шығарманы талдауға ден қойған әдіскерлер мен болашақ зерттеушілерге арналған.