Аңдатпа
Мақалада гексагоналды блок түрінде ұсынылған жер асты ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) үдерісінің имитациялық моделі болашақ зерттеудің басқару объектісі ретінде қарастырылады. Модель MATLAB бағдарламасында Reservoir Simulation Toolbox (MRST) ашық кодты бағдарламалық құралдарын пайдалану арқылы құрылды. Қазақстанда өндірілетін уранның басым бөлігі жер асты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен жүзеге асырылады. Ұсынылған жұмыстың мақсаты MRST пакетін пайдаланып ЖҰС блогының фильтрациялық өрісінің моделін құрып, айдау ұңғымасының кольматациясы жағдайында жүйенің динамикалық жауабын зерттеу болып табылады. Құрылған математикалық модель Дарси фильтрация теңдеуіне және ерітіндінің тасымалдану теңдеулеріне негізделген. Модель блок радиусы 50 м болатын гексагоналды схема бойынша тұрғызылды. Модельде алты айдау және бір өндіру ұңғымасынан тұратын гексагоналды ұңғыма сұлбасы қарастырылды. Модельдеу нәтижесінде қысым өрісі есептелді. Ерітінді концентрациясының кеңістіктік таралуы 30, 60, 100 және 150 тәулік уақыт мезеттері үшін анықталды. Сонымен қатар, өндіру ұңғымасындағы концентрацияның екі түрлі жұмыс режимінде өзгеру динамикасы зерттелді. Модельдеу бір айдау ұңғымасының кольматациясы өндіру ұңғымасындағы концентрацияның төмендеуіне алып келетінін көрсетті. Нәтижесінде өндіру ұңғымасындағы концентрация бастапқы кезеңде номиналды режиммен салыстырғанда 33%-ға төмендейтіні анықталды. Пласттағы ерітіндінің таралуы асимметриялы сипатқа ие болатыны анықталды. Зерттеу нәтижелері MRST пакетінің жер асты ұңғымалық сілтісіздендіру блогының гидродинамикалық процестерін модельдеуге жарамды екенін көрсетті. Ұсынылған модель ЖҰС блоктарының әртүрлі жұмыс режимдерін