Аңдатпа
Гармониялық емес діріл қоздырғышының динамикалық синтезі есебінің аналитикалық шешімі қарастырылды. Есеп квадраттық жуықтау әдісін пайдаланып шығарылды. Жалпыланған теңгерімсіздіктерді, соның ішінде механизмнің масса-инерциялық параметрлерін анықтау үшін аналитикалық шешім алынады. Өзгертілген мақсаттық функцияны енгізу арқылы механизм звеноларының оңтайлы өлшемдерін де анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық және оңтайландыру әдісі әзірленді. Механизмнің геометриялық өлшемдері мақсаттық функцияға сызықты емес түрде енетіндіктен (айналу бұрыштары, жылдамдықтардың аналогтары және үдеулердің аналогтары арқылы жанама түрде), оларды табу үшін сандық оңтайландыру әдістері қолданылады. Бұл жағдайда минимумға жетудің әрбір қадамында механизмнің масса-инерциялық параметрлері аналитикалық жолмен анықталады.