БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА STEM ТӘСІЛДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1245
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім берудің цифрлық трансформациясы, жаратылыстану бағытындағы ғылыми даярлық сапасына қойылатын талаптарды арттыру және білім алушыларда кешенді міндеттерді шешудің практикалық тәжірибелері мен дағдыларын дамыту қажеттілігі жағдайында STEM жүйесі арқылы білім беруді химия пәнін оқыту процесіне интеграциялау ерекше маңызға ие болып табылады. Қазіргі химиялық білім тек теориялық білімді игеруге ғана емес, сонымен қатар зерттеу құзыреттілігін, функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды, пәнді жан-жақты түсінуді және химиялық білімді нақты өмірлік жағдайларда қолдану қабілеттерін дамытуға бағытталуы қажет.Мақалада Қазақстан Республикасында химияны оқыту жүйесіне STEM-білім беруді интеграциялаудың теориялық және практикалық аспектілері талданды. Авторлар ғылым, технология, инженерия және математика салаларының өзара байланысына негізделген педагогикалық заманауи модель ретінде STEM тәсілінің мәнін ашты. STEM тәсілін қолдану оқытудың практикалық бағытын күшейтуге, химияның пәндік практикаға негіздеуге және оның экология, биология, физика, цифрлық технологиялар және инженерлік бағыттағы шешімдермен байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні көрсетілген.Авторлар STEM-білім беру, жобалық оқыту, зертханалық (лабораториялық) зерттеу қызметтері, пәнаралық интеграция және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізді. Талдау негізінде химияны оқытуда STEM тәсілін тиімді енгізудің негізгі факторларын анықтады. Зерттеуде STEM жүйесіне бағдарланған сабақтың педагогикалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін аналитикалық көрсеткіштері ұсынылды. Сонымен қатар авторлар Қазақстан үшін STEM тәсілі сабақтың қосымша элементі ретінде емес, химия пәні бойынша білім беру сапасын арттыруға, цифрлық жүйемен байланыстыруға және білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың заманауи моделі ретінде қарастыру қажет екендігін негіздеді.