СӨЙЛЕСІМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕР МЕН ПОЛИПАРАДИГМАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1248
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада сөйлесім кеңістігі мен коммуникация ұғымдарының педагогикалық өлшемі қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық және әдіснамалық контекстінде кешенді талданады. Зерттеу жұмысы тіл мен ойлау арасындағы өзара байланысқа, тілдің әлеуметтік және когнитивтік табиғатына, сондай-ақ тұлғаның танымдық және мәдени қалыптасуындағы сөйлесім әрекетінің рөліне бағытталған. Мақаланың ғылыми өзегін педагогикалық дискурстағы «тренд» ұғымының семантикалық баламасын айқындау және оны қазақ тілінің морфологиялық жүйесіне бейімдеу мәселесі құрайды. Автор «тренд» терминінің орнына қолдануға болатын «үрдіс», «бағыт» және «беталыс» сөздерінің мағыналық аясын саралай отырып, олардың педагогикалық терминологиялық өрістегі қолданысын дәлелдейді. Бұл ұғымдар педагогикалық ғылымдағы даму динамикасын, әдістемелік қозғалысты және білім беру мазмұнындағы жаңару бағытын бейнелейді. Зерттеу полипарадигмалық ұстаным тұрғысынан қарастырылып, гуманистік, когнитивтік, қатысымдық және мәдениетаралық парадигмалардың тоғысында білім беру жүйесінің тұтастығы айқындалады. Сөйлесім кеңістігі педагогикалық коммуникацияның негізгі құрылымдық және рухани өзегі ретінде сипатталып, тұлғаның ойлау мәдениетін, этикалық бағдарын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыратын когнитивтік-психологиялық орта ретінде түсіндіріледі. Мақаланың ғылыми жаңалығы сөйлесім әрекетін функционалдық сауаттылықтың және мәдениетаралық құзыреттіліктің негізі ретінде қарастыруында. Коммуникация білім беру процесіндегі мағыналық өзара әрекет пен мәдени сабақтастықтың дәнекері ретінде ұғынылады. Осы тұрғыдан алғанда, сөйлесім кеңістігі педагогикалық парадигмалардың синтезін бейнелейтін, тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығын қамтамасыз ететін әмбебап ұғым ретінде айқындалған.