«ХАЛАЛ» ТАҢБАЛАНҒАН ЕТ ӨНІМДЕРІНДЕ ШОШҚА ДНҚ-СЫН АНЫҚТАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/3134-8114-2026-4-347-361
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қазір тек зертханалық әдіс деп қарау аздық етеді. Әсіресе халал өнім нарығында. Қаптамада «halal» деген белгі тұрғанымен, өндіріс желісінде не болып жатқанын тұтынушы көрмейді, ал технологиялық желілердің аралас қолданылуы Қазақстандағы шағын және орта ет өңдеу цехтарында әлі де жиі кездеседі. Осы жұмыста нақты уақыттағы ПТР (Real-Time PCR) әдісі арқылы «халал» ретінде таңбаланған өнімдерден шошқа ДНҚ-сын іздеу қарастырылды. Тексеруге жартылай ысталған шұжық, тауық шұжығы және сиыр еті алынған. Негізгі назар митохондриялық цитохром геніне бағытталды, себебі термиялық өңдеуден кейін де дәл осы учаскелер жақсы сақталады. Кәдімгі ақуыздық тестілер жоғары температурадан кейін әлсіреп кетеді. Ал ДНҚ кейде өнім бірнеше сағат ысталғанның өзінде анықталып жатады. ДНҚ бөліп алу үшін «СОРБ-ГМО-Б» жиынтығы қолданылған. A260/A280 арақатынасы 1,92–2,05 аралығында шыққан, яғни бөгде ақуыздық қоспалар айтарлықтай болмаған. Күшейту APK-32 амплификаторында жүргізілді. Real-Time PCR —дың негізгі артықшылығы – өте төмен концентрацияларды анықтай алуы. Зерттеулерде 1%-дан аз бөгде компоненттің өзі тіркелетіні көрсетілген. Әсіресе көп компонентті өнімдерде бұл маңызды, өйткені дәмдеуіш, май, крахмал және термиялық өңдеу классикалық әдістердің сезімталдығын төмендетеді. ПТР мұндай жағдайда тұрақтырақ жұмыс істейді. Бірақ әдіс қымбат. Реактивтердің бағасы, калибровка, ламинарлық бокс, контаминациядан қорғау – бәрі қосымша шығын. Қазақстандағы аудандық ветеринариялық зертханалардың бәрі бірдей мұндай деңгейде жабдықталмаған. Халал өнімдердің түпнұсқалығын тексеруде Real-Time PCR қазір ең сенімді молекулалық құралдардың бірі саналады. Бұл жерде мәселе тек діни талапта емес. Таңбалау бұзылса, тұтынушыны жаңылыстыру фактісі туындайды. Сондықтан ПТР ветеринариялық бақылауда ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінде де маңызды орын алып отыр. Ал цифрлық ПТР технологиясының енгізілуі алдағы уақытта сандық дәлдікті күшейтіп, ластану деңгейін нақтырақ есептеуге мүмкіндік беруі мүмкін.