ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЕҢБЕКТЕРІНДЕ (ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ ).

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2025-1(3)-7
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Шығыс Қазақстан аймағындағы қазақтардың зерттелу тарихына қатысты мәселелер жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан қазақтарының мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен әлеуметтік өмірін зерттеген ғылыми еңбектерді саралап, олардың ғылыми айналымдағы маңызын анықтау. Автор түрлі кезеңдерде жарық көрген еңбектерді, әсіресе патшалық Ресей дәуіріндегі жазба деректерді талдау арқылы аймаққа қатысты этнографиялық, тарихи және мәдени мәліметтердің қалыптасу жолдарын көрсетеді. Қазақ даласы жөніндегі жазба деректердің көптеп жиналуы патшалық Ресейдің отарлау саясатының күшеюімен тікелей байланысты болды. Бұл кезеңде аймаққа жіберілген әскери қызметкерлер, саяхатшылар, шенеуніктер мен зерттеушілер қазақ халқы туралы құнды мәліметтер қалдырды. Олардың еңбектері таза академиялық сипатта болмағанымен, Шығыс Қазақстан қазақтарының өмір сүру салты, шаруашылығы, қоғамдық қатынастары мен мәдени дәстүрлері жөніндегі бағалы дереккөз ретінде маңызды рөл атқарады. Мақалада осы деректердің библиографиялық және деректанулық маңызы ерекше атап өтіледі. Патша шенеуніктерінің жазбалары қазіргі таңда ғылыми құндылығын жоғалтпаған, керісінше, аймақтың тарихи-этнографиялық келбетін қайта қалпына келтіруде негізгі материалдардың бірі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, зерттеуде кеңестік кезең мен тәуелсіздік жылдарында жарық көрген ғылыми еңбектер де талданып, Шығыс Қазақстан қазақтары мәдениетінің зерттелу динамикасы көрсетіледі. Бұл мақала Шығыс Қазақстан өңірінің этномәдени мұрасын тану, қазақ халқының тарихи-мәдени даму ерекшеліктерін айқындау және өңірлік зерттеулердің ғылыми негізін кеңейту тұрғысынан маңызды үлес қосады.