ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: 2010–2021 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТАРИХИ БАҒЫТТАР

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2026-1(7)-7
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саясатының 2010–2021 жылдар аралығындағы тарихи эволюциясы кешенді түрде қарастырылады. Мақалада аталған кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық басым бағыттары, оны іске асырудың институционалдық тетіктері, сондай-ақ негізгі нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұны мен маңызы жүйелі түрде талданады. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған реформалардың мазмұны, кезеңдері және олардың практикалық нәтижелері ғылыми тұрғыдан сарапталады. Зерттеуде ерекше назар «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына аударылады. Бағдарламаның мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге, балаларды қамту деңгейін арттыруға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және инфрақұрылымды дамытуға тигізген ықпалы жан-жақты талданады. Сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сандық және сапалық көрсеткіштері, олардың аймақтық ерекшеліктері мен даму динамикасы қарастырылады. Мақалада педагогикалық кадрларды даярлау жүйесі, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері, заманауи білім беру талаптарына сәйкестігі де талдау нысанына айналған. Зерттеу барысында мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы, қаржыландыру деңгейінің жеткіліктілігі, әлеуметтік-экономикалық факторлардың ықпалы, сондай-ақ демографиялық өсімнің мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсері кешенді түрде қарастырылады. Жұмыста тарихи-хронологиялық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылып, Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саясатының даму үрдістері ғылыми тұрғыда жүйеленеді. Зерттеу нәтижелері аталған саланың эволюциялық даму ерекшеліктерін айқындауға, сондай-ақ оның болашақтағы даму бағыттарын анықтауға теориялық және практикалық негіз қалыптастырады.