ӨМІРБАЯНДЫҚ НАРРАТИВТІ МЕКТЕП ТАРИХЫНДА ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2026-1(7)-2
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада мектеп тарихы курсында өмірбаяндық нарративті қолданудың теориялық-әдіснамалық және практикалық негіздері ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің саяси және ағартушылық қайраткерлері мысалында жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тарихи тұлғаларды оқыту үдерісінде биографиялық тәсілдің педагогикалық әлеуетін анықтау, өмірбаяндық нарративке негізделген құрылымдық-мазмұндық оқыту моделін әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Әдіснамалық негіз ретінде диалектикалық, тарихи-хронологиялық, тарихнамалық, контент-талдау, салыстырмалы талдау, модельдеу, сондай-ақ педагогикалық диагностика әдістері қолданылды. Зерттеу барысында мектеп оқулықтарының мазмұны сарапталып, оқушылардың тарихи тұлғалар туралы білім деңгейі анкеталау, тестілеу, бақылау, пікірталас, жазбаша жұмыстар және дереккөздермен практикалық жұмыс арқылы анықталды. Диагностикалық кезең нәтижелері дәстүрлі оқыту тәсілдері тарихи тұлғаларды терең әрі жүйелі түсінуді қамтамасыз етпейтінін, білімнің көбіне ақпараттық деңгейде қалыптасатынын көрсетті. Қалыптастырушы эксперимент барысында өмірбаяндық нарративті жүйелі енгізу оқушылардың тарихи контексті түсінуін, дереккөздермен жұмыс істеу, талдау, бағалау және рефлексия жасау дағдыларын айтарлықтай жетілдіргені анықталды. Эксперименттік топтарда білім сапасының оң динамикасы байқалып, орта және жоғары деңгейдегі көрсеткіштер едәуір артты, ал оқу мотивациясы мен пәнге қызығушылық күшейді. Ұсынылған модель оқушылардың танымдық белсенділігін, сыни ойлауын, азаматтық ұстанымын және ұлттық құндылықтарға қатынасын қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері өмірбаяндық нарративті мектеп тарихын оқыту тәжірибесіне енгізудің ғылыми және практикалық маңызын дәлелдеп, тарихи білім мазмұнын жаңғыртуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар ұсынады