АҚПАРАТТЫҚ-ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2026_40_52
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алудың қылмыстық-құқықтық тетіктері талданады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық ортада жасалатын алаяқтықтың құқықтық табиғатын айқындау, оның алдын алуда қылмыстық заңнаманың, құқық қолдану практикасының және құқық қорғау органдарының ұйымдастырушылық қызметінің рөлін анықтау. Жұмыста формальды-заңи, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік-құрылымдық және доктриналық талдау әдістері пайдаланылды. Авторлар алаяқтықтың дәстүрлі белгілері цифрлық кеңістікте сақталғанымен, алдау тәсілдері, жәбірленушіге ықпал ету нысандары, дәлелдемелердің электрондық сипаты және қылмыстың трансшекаралық элементі оның алдын алуды күрделендіретінін негіздейді. Сонымен бірге құқықтық саралау өлшемдерін нақтылау, цифрлық іздерді бекіту тәртібін жетілдіру, жәбірленушіні ерте қорғау, банктер мен платформалармен өзара іс-қимылды күшейту және ақпараттық-талдамалық қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріледі.