КЕҢЖОЛАҚТЫ СИГНАЛДАРҒА АРНАЛҒАН СПЕКТРАЛДЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ-ИНТЕРФЕРОМЕТРИЯЛЫҚ РАДИОПЕЛЕНГАТОРДЫҢ КЕДЕРГІГЕ ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/bgqf2150
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада кеңейтілген спектрлі радиосәулеленулерді қосарланған корреляциялық өңдеу арқылы жүзеге асыратын іздеусіз спектралды корреляциялық-интерферометриялық радиопеленгатордың (СКИР) күрделі электромагниттік жағдайдағы (ЭМЖ) кедергіге төзімділігі зерттеледі. Пеленгациялау процесінде қабылданатын аддитивті қоспалардың статистикалық модельдері қарастырылып, пайдалы сигнал мен әртүрлі типті кедергілердің (таржолақты, кеңжолақты және теңжолақты) спектралды өзара орналасу ерекшеліктері ескерілді. Теориялық талдау нәтижесінде пеленгация қателігінің дисперсиясы сигнал/шу және сигнал/кедергі қатынастарына, талдау уақытына, сондай-ақ пайдалы сигнал спектрінің еніне тәуелді екені анықталды. Ерекше назар пайдалы сигнал мен кедергі спектрлері толық немесе ішінара қабаттасқан жағдайда пайда болатын «кеңістіктік блоктау» құбылысына аударылды, бұл пеленгация дәлдігінің аномальды нашарлауына әкеледі. Зерттеуде екі пеленгациялық арнасы бар радиопеленгатордың математикалық моделі қолданылып, электромагниттік ортаның негізгі нұсқалары үшін қателік дисперсиясының шуылдық және кедергілік құраушылары талданды. MathCad ортасында әзірленген бағдарламалық модель негізінде жүргізілген сандық модельдеу нәтижелері алынған теориялық тәуелділіктердің дұрыстығын растады және кедергінің спектралдық сипаттамалары пеленгация дәлдігіне шешуші әсер ететінін көрсетті. Алынған нәтижелер радиомониторинг және радионавигация жүйелерін күрделі ЭМЖ жағдайында қолдану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу іздеусіз спектралды корреляциялық-интерферометриялық пеленгация әдістерін жетілдіру және кеңжолақты сигналдардағы олардың дәлдігін бағалау бағытындағы болашақ жұмыстардың өзектілігін көрсетеді. Кілтті сөздер: радиопеленгация, спектралды корреляция, корреляциялық алгоритм, электромагниттік кедергі, кеңжолақты сигнал, кеңістіктік блоктау.