БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНДАМЫТУДА ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.023
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ педагог-психологтердің кәсіби цифрлық құзыреттілігін дамытуда қолданылатын заманауи цифрлық технологиялардың рөлі мен тиімділігі жан-жақты талданады. Зерттеу Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 1–2 курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеу барысында DigCompEdu моделі негізінде әзірленген 15 тармақтан тұратын сауалнама қолданылды. Сауалнама болашақ мамандардың цифрлық технологияларды кәсіби мақсатта қолдану жиілігін, онлайн ынтымақтастық құралдарымен жұмыс істеу тәжірибесін, интерактивті платформалар мен жасанды интеллект жүйелерін пайдалану қабілетін анықтауға бағытталды. Нәтижелер студенттердің басым бөлігі Google Workspace, Padlet, Kahoot, Mentimeter, ChatGPT және Canva сияқ ты құралдарды белсенді қолданатынын көрсетті. Бұл платформалар оқу процесін жандандырып, болашақ педагог-психологтердің мотивациясын, шығармашылық ойлауын және коммуникациялық дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, студенттердің 78%-ы цифрлық технологиялар олардың кәсіби мотивациясын арттырғанын, ал 72%-ы коммуникация сапасын жақсартқанын атап өтті. Алынған деректер цифрлық құзыреттіліктің тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар этикалық жауапкершілік пен деректер қауіпсіздігін қамтитынын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагог-психологтердің кәсіби даярлығында цифрлық технологияларды мақсатты және саналы түрде қолдану олардың инновациялық ойлауын, рефлексиялық қабілетін және өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні анықталды.