ҚАЗАҚБАЙЛАРЫН ТӘРКІЛЕУ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанаумағында ХХ ғасырдың 20-30 жылдар кезеңінде бай шаруашылықтарын тәркілеу және шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясаты кең ауқымды сипат алды. Кеңес өкіметінің партиялық атқарушы органдарының архив құжаттарындағы арыз-шағымдар қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесін күштеп күйрету, мал-мүлікті тәркілеудің репрессиялық әдістері мен жаппай жүргізілген зорлық-зомбылық фактілерін айғақтайды. Ірі қазақ ауқаттыларын тап ретінде мәжбүрлеп жою - биліктің алдын-ала жоспарлаған идеологиялық саясатының көрінісі. Нәтижесінде аталған әкімшілік шара Қазақстан өңірінде Кеңес өкіметінің саясатына қарсы бағытталған қозғалыстардың, наразылықтардың кең өріс алуына алғышарт қалыптастырды. Халықты жаппай қамауға алу, тінту, оларды “кулактар” мен “бай элементтер” қатарына жатқызу, малын күшпен тартып алу, мүлкін тәркілеу сияқты репрессиялық шаралар жергілікті билік тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылып отырды. Қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеу – халық қасіретіне айналған саяси қуғын-сүргіннің бастамасы болды. Бай-қуатты топтарды “жат элемент” ретінде қаралап, қуғын-сүргінге ұшырату саясаты жоспарлы түрде іске асырылды. Біз бұл мақалада архивтік деректерге сүйене отырып, тарихтың осынау қасіретті беттерін обьективті тұрғыдан ашуды мақсат еттік. Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Семей округіндегі қазақ байларын тәркілеу үрдісінің жүзеге асуы, жергілікті байлардың өз құқығын қорғауда тиісті органдарға жолдаған арыз-шағымдары архивтік деректер тұрғысынан талданады.