Студенттердің іс-әрекетін өзін-өзі реттеуінің факторы ретінде жетістікке жету мотивациясы

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада студенттердің оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі реттеу деңгейі зерттелді. Зерттеуде А.В. Моросанованың ССУД-2011 әдістемесі (Оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі реттеу) және В.А. Доскин, Н.А. Лаврентьева, В.Б. Шарая мен М.П. Мирошникова әзірлеген САН әдістемесі (Самочувствие –Активность –Настроение) қолданылды; ССУД-2011 әдістемесі қазақ тіліне бейімделіп, оның сенімділігі Альфа Кронбах коэффициенті арқылы тексерілді.Нәтижелер студенттердің оқу іс-әрекетін жоспарлау, бақылау және өзін-өзі бағалау қабілеттерінде айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Спирмен бойынша жүргізілген корреляциялық талдау эмоционалдық күй, белсенділік көрсеткіштері мен студенттердің өзін-өзі реттеу деңгейі ара-сында статистикалық тұрғыдан мәнді оң байланыстар бар екенін анықтады, бұл оқу тапсырма-ларын сәтті орындауда эмоционалдық құрамдастың маңыздылығын растайды. Алынған деректер оқу бағдарламаларын жетілдіруде, студенттердің жеке оқу стратегияларын дамытуда және олардың академиялық жетістігін арттыруда қолданылуы мүмкін.