ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ (1935–1937 жж.)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.031
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада 1935-1937 жылдары Қазақ Орталық Атқару комиетінің төрағасы қызметін атқарған Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың осы қызмет барысындағы атқарған елеулі істері туралы баяндалады. Атап өткенде 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан кейінгі Қазақстаннан үдере көшкен халықты елге қайтару барысындағы қызметі, жергілікті халықты кәсіппен қамту, халықтың дәстүрлі шаруашылығын қалпына келтіру бойынша жұмыстары, әсіресе, түйе шаруашылығын жандандыру шаралары, қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолындағы қызметі,қазақ балаларының білім алуына жағдай жасауы, балалар үйіндегі қазақ балалардың әл-ауқатын арттыру бойынша жасаған жұмыстары, мемлекеттік басқаруда жергілікті халық арасынан кадр жасақау барысындағы қызметтері мұрағаттық деректер негізінде талданып жазылды. Зерттеудің мақсаты – оның республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы, әлеуметтік-экономикалық және мәдени реформаларды жүзеге асырудағы рөлін мұрағатық құжаттар негізінде талдау. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы мұрағатарының құжа ттары, мерзімді баспасөз материалдары және отандық тарихнамалық еңбектер пайдаланылды. Мақала нәтижелері Ұзақбай Құлымбетовтің Қазақстанның мемлекеттік басқару тарихындағы орны мен қызметінің маңызын айқындауға мүмкіндік береді. Мақаланың өзіндік ерекшелігі де Ұзақбай Құлымбетовтың басшы ретіндегі қызметінің қыр-сырларын ашып көрсету болып табылады.