ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ: МЕКТЕПТЕ САБАҚ БЕРУДЕГІ КАРТОГРАФИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Жетісу өлкесінің тарихи ескерткіштеріндегі картографияның сабақ барысын-дағы маңыздылығы қарастырылды. Шетел ғылыми жұмыстарындағы картография сұрақтарының қолданыста болуын үлкен әлеуетін атап өтілді. Зерттеуші аймақтық тарих пен өлкетану материалдарын білім беру үдерісіне кіріктірудегі картографиялық әдістердің рөлі мен маңызына тоқталған. Картографияның мектепте сабақ барысында қолданылуының технологиялары кейбір жағдайларда әртүрлі құбылыстар арасында байланыс орнатуға, қазірде балама көзқарасты қарастыруға. Автор картографиялық мәселелердің мектепте жұмыс істеудің оңтайлы құралдары мен мүмкіндіктерін табуға, оларды тарихи зерттеулердің ерекшеліктеріне бейімдеуге тырысуда. Мақаланың негізгі мақсаты — мектептегі тарих сабақтарында Жетісу-дың тарихи нысандарын визуализациялау деңгейін талдау және осы бағыттағы картографиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін айқындау болып табылады.Сонымен қатар, мақалада оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілеті мен картографиялық сауаттылығын арттыру мақсатында заманауи геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ), интерактивті және цифрлық карталарды сабақ үдерісіне енгізудің тиімді жолдары ұсынылады. Автор Жетісу өлкесінің археологиялық, сәулеттік және тарихи ескерткіштерін мектеп бағдарламасына сәйкес карта бетіне дұрыс түсірудің ғылыми-әдістемелік принциптерін негіздейді. Жетісу өлкесінің ескерткіштеріндегі мектеп сабақтарындағы картографиялық мәселелері сараланып талданған. Мектепте сабақ беру барысында оқушыларға Жетісу өлкесіндегі ескерткіштерді түсіндіру барысында картографиялық мәселелерін толық ашып, қарастырылған.