Аңдатпа
Бұл мақалада ХХ–ХХІ ғасырлар тоғысындағы Орталық Қазақстан өңіріндегі жанжалды отбасылар динамикасы мен некенің бұзылу үдерістеріне кешенді этнодемографиялық талдау жүргізіледі. Зерттеудің өзектілігі Қарағанды облысында неке-отбасылық қатынастар тұрақсыз-дығының әлі де жоғары деңгейде сақталуымен негізделеді. Сонымен қатар Ұлытау облысының халқы республика бойынша ажырасу көрсеткіші ең төмен өңірлердің бірі ретінде сипатталады.Жұмыстың эмпирикалық базасын Ұлттық халық санағының материалдары, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ағымдағы мемлекеттік статистика деректері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Жұмыста өңірдің этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, салыстырмалы, статистикалық және құрылымдық-демографиялық талдау әдістері қолданылды.Зерттеу нәтижесінде қарастырылып отырған кезеңде ажырасу деңгейінің тұрақты өсу үрдісіайқындалды, тіркелген некелер саны мен бұзылған некелер арақатынасыанықталды, сондай-ақ қалалық және ауылдық тұрғындар арасындағы ажырасу көрсеткіштерінің айырмашылықтары белгіленді. Ерлі-зайыптылардың жыныстық-жастық сипаттамалары, некенің ұзақтығы талданып, отбасы өмірлік цикліндегі ең осал кезеңдер айқындалды.Урбандау деңгейінің жоғары болуы, өңірдің полиэтностық құрамы, отбасылық құндылық-тардың трансформациясы, сондай-ақ халықтың дәстүрлі және конфессиялық ұстанымдарын-дағы айырмашылықтар неке тұрақтылығы мен отбасылық жанжалдар деңгейіне елеулі ықпал ететін і ғылыми тұрғыда негізделді.Алынған нәтижелер өңірлік неке-отбасылық үдерістердің ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді және демографиялық әрі отбасылық саясатты әзірлеу мен жетілдіру үдерісінде қолдануға ұсынылады.