БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.018
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Отандық білім беру саясатының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін тұрақты инновациялық даму жолына көшіру және әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары нәтижелерге жетуге бағыттаумен сипатталады. Қазіргі кезеңде білім берудің рөлі демократиялық және құқықтық мемлекеттің міндеттері мен стратегиясымен анықталады. Білім беру саясаты жалпыұлттық білім беру мүдделерін көрсетуі, әлемдегі білім беру үрдістерінің жалпы тенденцияларын ескеруі тиіс. Қазіргі полимәдени қоғам сонымен қатар кәсіби білім беру саласындағы мамандардың дайындық деңгейіне және болашақ мұғалімнің білімді меңгеругеқабілеттілігіне жоғары талаптар қояды.Мақалада педагогикалық практиканың болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке даярлаудағы рөлі талданған. Педагогикалық практика жүйелік, қызметтік және тұлғалық тәсілдерге негізделіп, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың негізгі құралы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, ол жалпы педагогикалық дайындықтың маңызды компоненті және жоғары педагогикалық мектептегі кәсіби оқытудың тиімді формасы болып табылады.