ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала жоғары білім беруді трансформациялау жағдайында жоғары оқу орны педагогтерінің цифрлықдайындығын зерттеуге бағытталған. Зерттеудің мaқcaты – педагогтердің цифрлық білім беру ортасында жұмыс істеу ерекшеліктері мен оған ықпал ететін факторлар негізінде кәсіби қызметінде цифрлық құралдар мен технологоияларды қолдануға дайындығын анықтау болып табылады. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне теориялық талдау жүргізілді, Жоғары оқу орнының педaгoгтеріне өткізілген сауалнама қорытындысының негізінде эмпирикалық мәліметтер жинақталды. Нәтижелер педагогтердің басым көпшілігі цифрлық технология қолданатынын көрсетті, бірақ олардың цифрлық дайындығы өздерінің жеке дайындығы мен тұлғаішілік мотивациясына байланысты болып келеді. Сонымен қатар цифрлық білім беру ортасында қызмет жасау педагогтердің кәсіби рөлінің өзгеруіне, жұмыс жүктемесінің көбеюіне және жаңа құзіреттерді игеруге деген қажеттілікті тудыратынын анықтадық. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орнының қолдауына, құқықтық реттеуге және жоғары оқу орны педагогтерінің цифрлық дайындығын жетілдіру үшін жүйелі кәсіби біліктілікті арттыру курстарына негізделеді.