Аңдатпа
Мақалада 1824-1869 жылдар аралығында Кіші жүз аумағында қалыптасқан сұлтан-басқа-рушылар институтының пайда болу алғышарттары, құқықтық негіздері және қызметтік ерекше-ліктері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу Ресей империясының отарлық басқару жүйесін енгізу үдерісіндегі хандық биліктің жойылуы мен оның орнына енгізілген жаңа әкімшілік құры-лымдардың мәнін ашуға бағытталған. Сондай-ақ зерт теуде Ресей империясының отарлық басқа-ру саясаты жағдайында қазақ сұлтандарына әскери шендердің берілу тәртібі, олардың сатылы түрде өсуі, мұрагерлік сипат алуы және империялық дворяндық құрамға ену үдерісі архивтік деректер негізінде қарастырылады. АвторКіші жүздегі әкімшілік-территориялық бөліністің жүзеге асырылуын, сұлтан-басқарушылардың әлеуметтік мәртебесін, материалдық қамтамасыз етілуін, әскери атақтары мен билік символдарының маңызын архивтік деректер негізінде талдайды. Сонымен қатар, сұлтан-бас қарушылардыңәкімшілік, сот және саяси қызметі, олар-дың Орынбор әкімшілігімен өзара байланысы мен патша үкіметінің тапсырмаларын орын-даудағы рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижесінде сұлтан-басқарушылар институтының қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесініңтрансформациясына, әлеуметтік жіктелуге және халық пен билік арасындағы қатынастардың өзгеруіне елеулі ықпал еткені тұжырымдалады. Мақала Қазақстанның ХІХ ғасырдағы отарлық кезең тарихын зерттеуге және сұлтан-басқарушылар институтына қатысты архивтік материалдарды ғылыми айналымға енгізуге үлес қосады.