Аңдатпа
Бұл зерттеуде дәстүрлі музыканың бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Зерттеу мақсаты – дәстүрлі музыка арқылы ұлттық мәдени мұраны жас ұрпақтың бойына сіңірудің тиімді жолдарын анықтау. Зерттеу әдістеріне педагогикалық бақылау, сауалнама, әңгімелесу және эксперимент енгізілді. Эксперимент Алматы қаласындағы No175 Жаңа Ғасыр мектеп-гимназиясының 3–4-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстарда дәстүрлі музыканыжүйелі қолдану оқушылардың ұлттық өнерге қызығушылығын, патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын арттырды. Нәтижелер эксперимент және бақылау топтары арасындағы айырмашылықтар арқылы сандық және сапалық тұрғыда дәлелденді. Зерттеу қорытындысы ретінде дәстүрлі музыканы оқу-тәрбие процесіне кешенді және жүйелі түрде енгізу бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда, дамытуда маңызды құрал екенін көрсетеді.