1991–2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР КОНТЕКСІНДЕГІ ТАРИХИ ТАЛДАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 1991 жылдан бастап Шымкент қаласының күнделікті өмірінің әр тараптары қарастырылды. Атап айтқанда еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап қала тарихындағы болған өзгерістер мен қиыншылықтар, сондай-ақ кейінгі жылдардағы қаланың жетістіктері мен оңды өзгерістері салыстырмалы түрде зерттелінді. Кеңес Одағы тарағаннан соңғы алғашқы жылдардағы қала кәсіпорындарындағы орын алған қиыншылықтар мен толық күшімен жұмыс атқарып тұрған зауыт, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігі мен жұмысын тоқтатуы және оның салдары да мақала арқауына айналып талданды. Мақала барысында қаланың тұрғындарының күнделікті өмірі, 90 жылдардағы қиыншылықтар, куәгерлердің сұхбат барысында берген сұхбатынан үзінді түрінде де келтірілді.Ондағы деректерді растау мақсатында архивтік деректердегі мәліметтерді де кеңінен пайдаландық. 1990 жылдардағы Шымкент қаласындағы алып кәсіпорындардың жағдайы да құжаттық деректер негізінде талданып қарастырылды. Сондай-ақ қаладағы қылмыстық ахуал да архивтік анықтамалар мен прокуратураның статистикалық есептері негізге алына отырып жан-жақты баяндалды. Осы бағытта білім беру саласындағы атқарылған істер мен кейбір лауазымды тұлғалардың тарапынан жіберілген қызметтік кемшіліктерге де арнайы талдау жасалынды. Сонымен бірге қаланы көркейту мен абаттандыруға байланысты қала әкімшілігінің атқарған оңды істері де мақалада көрініс тапты. Осынау мәліметтер негізінде Шымкент қаласының 1991-жылдардан бастап тұрғындардың күнделікті өміріне әсер еткен факторлар зерттеу нысанына айналды.