Кәсіби оқу кезеңінде лидерлік қабілеттер мен эмоционалды интеллектіні дамытудың психолгиялық детерминанттары

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орнындағы кәсіби даярлық кезеңінде болашақ педагог-психологтар мен психологтардың лидерлік әлеуеті мен эмоционалды интеллектісін дамытудың психологиялық детерминанттары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты –кәсіби даярлық үдерісінде студенттердің лидерлік әлеуеті мен эмоционалды интеллектісі арасындағы өзара байланысты анықтау және олардың дамуына ықпал ететін психологиялық факторларды теориялық және эмпирикалық тұрғыдан негіздеу. Теориялық бөлімде «лидерлік» және «лидерлік әлеует» ұғымдарының мазмұны талданып, олардың болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуын-дағы рөлі айқындалады. Эмпирикалық зерттеуде Е. Жариков пен Е. Крушельницкийдің «Лидерлік қабілеттер диагностикасы» әдістемесі, Н. Холлдың эмоционалды интеллект тесті және Л. В. Мищенконың оқу іс-әрекетіне қанағаттану сауалнамасы қолданылды. Зерттеу нәтижелері оқу іс-әрекетіне қанағаттану деңгейі мен лидерлік әлеуеттің дамуы арасында оң байланыс бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, лидерлік әлеует эмоционалды интеллектінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін маңызды психологиялық фактор ретінде анықталды. Алынған нәтижелер жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне лидерлік пен эмоционалды интеллектіні дамытуға бағытталған бағдарламаларды енгізудің маңыздылығын дәлелдейді.