Буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психологиялық ерекшеліктері

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психо-логиялық ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі қоғамда буллинг балалар мен жастардың психикалық денсаулығына елеулі қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде кеңінен зерттелуде. Буллингке ұшыраған тұлғалар эмоционалдық күйзеліс, мазасыздық, депрессиялық симптомдар, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану және психо-соматикалық бұзылыстар сияқты жағымсыз психологиялық салдарларға жиі тап болады.Зерттеу нәтижелері буллинг құрбандары мен бақылау тобы арасында психологиялық денсаулық көрсет-кіштері бойынша айқын айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, буллинг құрбандарында психологиялық дистресс деңгейі (GHQ-28) жоғары, депрессиялық симптомдар (BDI-II) орташа деңгейге жақын, мазасыздық көрсеткіштері (Спилбергер–Ханин шкаласы) едәуір жоғары, ал өзін-өзі бағалау (Розенберг шкаласы) айтарлықтай төмен екені анықталды. Сонымен қатар корреляциялық талдау нәтижелері буллинг деңгейі мен депрессия (r=0,62), мазасыздық (r=0,58) арасында оң байланыс бар екенін, ал өзін-өзі бағалаумен теріс байланыс (r=-0,66) бар екенін көрсетті.Алынған нәтижелер буллингтің психологиялық денсаулыққа әсері тек қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді сипатқа ие екенін растайды. Буллинг тәжірибесі тұлғаның когнитивтік бағалау жүйесіне, эмоционалдық тұрақтылығына және әлеуметтік бейімделуіне теріс ықпал етеді. Мақаланың мақсаты –буллинг құрбандарының психологиялық денсаулы-ғының клиникалық-психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эмпирикалық тұрғыдан талдау, сондай-ақ олардың психикалық саулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.Зерттеу нәтижелері буллингтің құрбандарында мазасыздықтың, депрессиялық көріністердің, жоғары психологиялық дистресстің және өзін-өзі бағалаудың төмендеуініңбасым екенін дәлел-дейді. Алынған мәліметтер буллингтің алдын алуға және оның психологиялық салдарын азай-туға бағытталған психологиялық көмек көрсету бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді