ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Жерді қашықтан зерделеу (ЖҚЗ) материалдарын география пәнінде қолданудың тәжірибелері талданып, осы деректерді мектеп географиясында оқытудың авторлар құрастырған құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады. Мұнда, ең алдымен ЖҚЗ деректерін мектеп географиясына кіріктіре оқытуға көңіл бөлініп, қолданыстағы әдістемені жетілдіруге, географиялық білім беру сапасын арттыруғаназар аударылады. Бұл тұрғыда ЖҚЗ материалдарын қолданудың педагогикалық негіздері мен оқыту нәтижелеріне ықпалы қарастырылды. Сонымен қатар, ЖҚЗ материалдары негізінде мектеп оқушыларының құзыреттіліктерін дамытуға ықпалы қарастырылып, зерттеулерге шолу жасау негізінде ЖҚЗ материалдарын географияның оқу бағдарламаларына енгізудегі жетістіктер мен кедергілер талданады. География пәнін оқытуда ЖҚЗ материалдарын пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастыру өзара байланысқан мақсаттық, мазмұндық, технологиялық, оқытудың әдістері мен тәсілдері, кәсіби құзіреттіліктер мен дағдылар және бағалау-нәтижелікблоктарды ажыратуға және сипаттауға мүмкіндік берді. Әзірленген модель ЖҚЗ материалдарын оқыту мазмұнына жүйелі түрде кіріктірудің педагогикалық механизмдерін анықтауға жағдай жасайды.Жалпы, ұсынылған модельді Қазақстан мектептерінде география пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндігі бар. Жұмыстың ғылыми маңызы ЖҚЗ материалдарын мектеп географиясына енгізудің педагогикалық негіздерін жүйелеуде, ал практикалық маңызы ұсынылған модельді оқу үдерісінде қолдану мүмкіндігінде көрінеді.