ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН МЕДИАРЕСУРСТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.038
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада цифрлық технологиялар мен медиаресурстардың қазақ тілін оқытудағы лингводидактикалық әлеуеті жан-жақты қарастырылады. Қазіргі цифрландырылған білім беру жағдайында тіл үйретудің мазмұны мен әдістемесін жаңғырту қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу барысында онлайн білім беру платформалары, мультимедиалық оқу материалдары, мобильді қосымшалар және әлеуметтік желілердің қазақ тілін меңгертудегі тиімділігі талданады. Цифрлық ресурстарды қолдану арқылы білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін және тілдік дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту мүмкіндіктері айқындалады.Сонымен қатар цифрлық технологияларды пайдаланудың білім алушылардың оқу уәжіне, танымдық белсенділігіне және өзіндік жұмыс жасау қабілетіне әсері сарапталады. Қазақ тілін оқыту үдерісінде медиа-ресурстарды мақсатты әрі жүйелі қолданудың тиімді модельдері ұсынылады. Цифрлық ортада тілдік материалды іріктеу мен ұсынудың дидактикалық талаптары негізделеді. Зерттеу нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге және цифрлық білім беру ресурстарын тәжірибеде тиімді пайдалануға әдістемелік негіз бола алады.