БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МЕТАПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде метапәндік құзы-реттіліктерді қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Метапәндік құзыреттіліктер болашақ мұғалімнің оқу үдерісін пәнаралық тұрғыда ұйымдастыруына, оқу міндеттерін тиімді шешуіне, кәсіби рефлексия жасауына және оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған интегративті-рефлексивтік әдістеменің мазмұны мен тиімділігі қарастырылады.Зерттеу жүргізіліп, экспериментке 110 студент қатысты: эксперименттік топта – 54, бақылау тобында – 56 студент. Зерттеу барысында теориялық (әдебиеттерді талдау, жүйелеу, модельдеу) және эмпирикалық (педаго-гикалық эксперимент, бақылау, диагностика) әдістер кешені қолданылды. Метапәндік құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейі когнитивтік, іс-әрекеттік (жобалаушы), коммуникативтік және рефлексивтік компоненттер бойынша бағаланды.Эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістеменің тиімді екенін көрсетті: эксперименттік топта жоғары және орта деңгейдегі көрсеткіштердің айтарлықтай өсуі байқалып, төмен деңгейдегі студенттер саны едәуір қысқарды. Алынған нәтижелер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған әдістемелерді енгізудің ғылыми-педагогикалық маңыздылығын дәлелдейді