МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН МУЗЫКАЛЫҚ-ОЙЫН ӘРЕКЕТІ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.031
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамын музыкалық-ойын әрекеті үдерісінде қалыптастырудағынегізгі ұғымдардың мәнін анықтау және түрлі түсініктемелерді саралап,мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштерін жан-жақты талдауға бағытталды. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бағытындағы тәрбие мен оқыту мәселелерінің өзектілігі нормативтік құжаттарда талқыланды. Зерттеудің теориялық әдістеріне сай зерттеу жұмысының барысында негізгі ұғымдардың мәнін анықтау және түрлі түсініктемелерді саралау мақсатында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамын музыкалық-ойын әрекеті үдерісінде қалыптастыру мәселесінің теориялық негіздері, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері мен тақырып аясындағы ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне сай тәжірибелік-эксперимент жұмыс жүргізіліп, оның міндеттері анықталды. Эксперименттік-эмпирикалық зерттеуде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамының даму ерекшеліктері мен деңгейлерін айқындалды және көптеген Эксперименттік-эмпирикалық зерттеуде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамының даму ерекшеліктері мен деңгейлерін айқындау үшін бізбен төмендегі диагностикалық әдістемелер қолданылды: «Эстетикалық қызығушылықты диагностикалау» әдістемесі (авторлық сауалнама); «Эстетикалық талғамды диагностикалау» әдістемесі (авторы О.П.Радынова); Р.М.Чумичеваның «Сұлулық» санатына мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды-тұлғалық қатынасын зерттеу әдістемесі; А.Н.Зиминаның «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыканы қабылдауға деген қызығушылығының эмоционалды реакциясы мен тұрақтылығын анықтау» әдістемесі; С.А.Карташевтің «Музыкалық-эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейі» әдістемесі (авторлық модификацияда); «Эстетикалық тәрбиелілікті» зерттеу сауалнамасы (авторлық сауалнама) нәтижелері көрсетілді.