Аңдатпа
Мақалада ұлт қайраткері, Алаш партиясы мен Алаш орда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның (1866-1937) өз еңбектерінде қолданған қазақ мақал-мәтелдері тарихи және этнографиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу барысында Әлихан Бөкейхан әр түрлі зерттеулерінде қолданған мақал-мәтелдердің құрылымдық, тарихи, тілдік, этнографиялық ерекшеліктерін анықтау. Мақал-мәтелдердің ұлттық танымын бейнелейтін философиялық мазмұны мен құндылықтарын талдау. Қазіргі таңда ел арасында қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен салыстыра қарастыру. Зерттеу барысында мақал-мәтелдер тақырыптар бойынша бөлініп, қарастырылды. Мақаланы жазу барысында тарихи, этнографиялық және пән аралықбайланыстары, жүйелеу мен тарихнамалық саралау, сипаттамалы-талдамалы әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Әлихан Бөкейханның өзі жазған әр түрлі еңбектерінде кездесетін мақал-мәтелдер тарихи және этнографиялық тұрғыдан талқыланды. Мақал-мәтелдер сөзтіркесі емес ұлттық ойлаудың коды негізінде қарастырылды.Мақаладағы мақал-мәтелдерден сол кезеңдегі әлеуметтік, қоғамдық және саяси мәселелерді, олардың төңірегін-дегі қалыптасқан оқиғаларды білуге болады. Әр мақал белгілі бір себепке байланысты қолданылады. Әрбір мақал мен мәтел адамның ой мен идеясын анық жеткізеді. Мақаладан ғылыми тұрғыда Әлихан Бөкейханның қазақ рухани мұрасына еңбегінің мол екендігі туралы қорытынды жасалды. Әлихан Бөкейхан 160 аса мақал-мәтелді қолданғаны анықталды.