ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САУДАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.94.2.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерцияның дамуы экономикалық қана емес, институционалдық және әлеуметтік үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты –сауданы цифрландырудың қазіргі серпінін, негізгі шектеулерін және ұзақ мерзімді даму перспективаларын кешенді бағалау. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу екіншілік деректерді тал-дауға негізделді: Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2022–2024 жылдарға арналған ресми материалдары, Қазақстан Ұлттық Банкінің тӛлем статистикасы, сондай-ақ OECD, World Bank және UNCTAD есептері пайдаланылды. Деректер динамикалық, салыстыр-малы-институционалдық және әлеуметтік-экономикалық талдау әдістері арқылыинтерпретация-ланды. Зерттеу нәтижелері 2022–2024 жылдары электрондық сауданың бӛлшек саудадағы үлесі 12,5%-дан 14,1%-ға дейін ӛскенін, ал нарық кӛлемі 1 963,5 млрд теңгеден 3 156,4 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын кӛрсетті. Сонымен бірге маркетплейстердің үлесі 56,9%-дан 84,9%-ға дейін артып, нарықтың платформалануы күшейгені анықталды. 2024 жылы халықтың тӛлем транзак-циялары кӛлемінің 87%-ы қолма-қолсыз форматта жүргізілгені цифрлық тӛлем инфрақұрылы-мының жетілуін айғақтайды. Алайда ауылдық және қалалық кеңістік арасындағы цифрлық алшақтық, логистика сапасының ӛңірлер бойынша біркелкі болмауы, құқықтық реттеу мен тұтынушы сенімінің жеткіліксіздігі электрондық сауданың инклюзивті дамуын шектейді. Қорытындыда электрондық коммерцияны орнықты дамыту үшін бәсекені қорғау, деректер қауіпсіздігін күшейту, логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды теңгерімді дамыту және кәсіпкерлердің цифрлық құзыреттерін арттыру қажеттігі негізделеді.