ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ШАҒЫН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.94.2.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргіқоғамның «азаматтық», «индустриалдыдан кейінгі», «ақпараттық» және«инклюзивті»сияқты әртүрлі ұғымдары бар. Бұл қоғамдардың салыстырмалы сипаттамалары әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге олардың арасында белгілі бір байланыс та бар. Қазіргі қоғамдардың дамуының жан-жақтылығын ескере отырып, жеке елдердіңаймақтық ерекшеліктерінің тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық жағдайларын талдау қызықты. Көптеген зерттеулер шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қарастырады, бірақ шағын бизнес өкілдерінің саяси көзқарастарына, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерінің саяси аспектілеріне мән бермейді. Негізгі мақсатымыз -Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуына шағын бизнестің үлесін, оның әлеуметтік жауапкершілігінің қалыптасуы азаматтық қоғамның маңызды өлшемі екендігін, идеологиялық басымдықтарды белгілеу және даму перспективаларын шағын бизнес өкілдерінің көзқарасы негізінде эмпирикалық зерттеу. Мақалада Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму кезеңдері, нарықтық экономиканың ерекшеліктері, шағын бизнестің қазіргі қоғамның негізгі әлеуеті ретіндегі орны, жалпы қоғамды демократияландыру мәселелері қарастырылады. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қазіргі жағдайы шағын бизнес субъектілері арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде талданды. Зерттеу сандық әдіспен алынып, 701 респонденттер қатысқан сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша шағын бизнес өкілдерінің қазақстандық қоғам үшін ең маңызды идеологиялық мәселелерінің бірі -азаматтардың саналығын дамытатын қоғамды қалайтындары анықталды. Зерттеу көрсеткендей, шағын бизнес иелерін -экономикалық жауапкершіліктен тыс, азаматтық қоғамның мәселелері де толғандырады. Шағын бизнес өкілдерінің кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік жауапкершіліктің саяси өлшемдерімен де айналысады.Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі экономикалық тиімділік қана емес, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған кешенді үрдіс ретінде қабылданатыны анықталды.