ФИЗИКА ПӘНІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУ КОНТЕКСТІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ДАҒДЫЛАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63597/uto3105-4161.2026.6.2.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада физика пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту контексінде ғылыми таным дағдыларын бағалаудың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі халықаралық PISA зерттеулерінің нәтижелері мен Қазақстандағы білім сапасының көрсеткіштеріне негізделді. Соңғы жылдары жаратылыстану сауаттылығы көрсеткіштерінің салыстырмалы өсуіне қарамастан, қазақстандық оқушылардың ғылыми білімді түсінуі, қолдануы және ғылыми дәлелдермен жұмыс істеу дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағаны байқалады. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері физика пәнінің күрделі тақырыптарын меңгеруде оқушылардың елеулі қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге, халықаралық және отандық зерттеулерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Эмпирикалық база ретінде 2022–2026 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының (БАҰО АҚФ) Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында физика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын әзірлеу және өткізу тәжірибесі пайдаланылды. Зерттеуде әдебиеттерді талдау, сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, құжаттарды зерделеу, тестілеу және модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде физика пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту барысында ғылыми таным дағдыларын бағалаудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленді. Ұсынылған модель физикалық құбылыс, физикалық ұғым, физикалық шама, физикалық заң, заңның математикалық аппараты, физикалық эксперимент және техника мен тұрмыста қолданылуы сияқты өзара байланысты 7 компоненттен тұрады. Осы компоненттердің игерілу деңгейін анықтау үшін тапсырмалар банкі, ғылыми-танымдық индекс (ҒТИ) және бағалау критерийлері құрастырылды. Ұсынылған модель физикалық білім мазмұнын жүйелі құрылымдауға, физика пәні мұғалімдерінің жеті компонентті жүйелі қолдануы арқылы оқушылардың ғылыми-танымдық әрекеттерін басқаруға және кешенді бағалауға, сондай-ақ физика пәнінің күрделі тақырыптарын меңгеру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқыту тәжірибесінде және педагогтердің кәсіби даму жүйесінде қолдануға ұсынылады.