КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ФИЗИКАНЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ПСИХОМЕТРИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63597/uto3105-4161.2026.6.2.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде физиканы тереңдетіп оқыту үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімділігі қарастырылған. Зерттеудің мақсаты –жасанды интеллект негізіндегі оқыту құралдарының білім алушылардың оқу жетістіктеріне, пәндік құзыреттіліктерінің қалыптасуына және танымдық белсенділігінің артуына әсерін анықтау, сондай-ақ алынған нәтижелерді психометриялық талдау арқылы бағалау. Зерттеу барысында эксперименттік және бақылау топтарының оқу нәтижелері салыстырылып, білім жетістіктерін бағалауға арналған тест тапсырмаларының сенімділігі мен валидтілігі зерттелді. Оқыту үдерісінде жасандыинтеллектке негізделген бейімделген тапсырмалар, виртуалды зертханалар, дербес тұрғыдағы оқыту элементтері және интеллектуалды кері байланыс құралдары пайдаланылды. Нәтижелер жасанды интеллект технологияларын қолдану -білім алушылардың пәндік білім деңгейін, есеп шығару дағдыларын, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіну сапасын, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін, зерттеушілік мәдениетін және өздігінен білім алу дағдыларын арттыратынын көрсетті. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу ынтасыныңжоғарылағаны және оқу материалына қызығушылығының артқаны анықталды. Психометриялық талдау тест нәтижелерінің жоғары сенімділігін растады (Cronbach α= 0,87). Зерттеу қорытындылары жасанды интеллект технологияларының физиканы оқыту сапасын арттыруда, оқу үдерісін жетілдіруде және білім алушылардың академиялық жетістіктерін жақсартуда маңызды педагогикалық құрал болып табылатынын дәлелдейді.