МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ АУТИСТІК СПЕКТРІ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢКОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.85.2.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала мектеп жасына дейінгі аутистік спектр бұзылысы (АСБ) бар балалардың коммуникативтік дағдыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі уақытта аутизмнің таралуы артып отырғандықтан, ерте жастағы әлеуметтік және тілдік даму мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдау өзекті болып отыр. Коммуникация бұзылыстары АСБ-ның жетекші белгілерінің бірі болғандықтан, оларды кешенді зерттеу ерте диагностика мен тиімді психологиялық қолдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы, әлеуметтік бастама көрсету ерекшеліктері және эмоциялық жауап беру деңгейі қарастырылды. Сонымен қатар, ата-анамен өзара әрекет сипаты мен баланың әлеуметтік белсенділігі талданды. Зерттеу нәтижелері АСБ бар балаларда сөздік қордың шектеулілігі, диалогқа өздігінен түсу қиындығы, көзбен байланыс пен ым-ишараның әлсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік бастаманың төмендігі байқалатынын көрсетті. Қорытындылай келе, мектеп жасына дейінгі АСБ бар балалардың коммуникативтік дамуы кешенді сипаттағы психологиялық қолдауды қажет етеді. Ерте диагностика мен жүйелі сүйемелдеу баланың әлеуметтік бейімделуіне және болашақтағы білім алу үдерісіне оң әсер етеді. Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім беру жағдайында ерте коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыруға ғылыми негіз бола алады.