НАШАР КӨРЕТІН 7-8 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МӘТІНДІ ЕСТІП-ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.85.2.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада нашар көретін 7–8 жастағы балалардың мәтінді естіп қабылдау ерекшеліктері және оны дамытуға бағытталған педагогикалық тәсілдердің тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі көру қабілеті бұзылған бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу материалын қабылдау, түсіну және есте сақтау дағдыларын жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – нашар көретін балалардың мәтінді естіп қабылдау ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу, олардың тыңдалым деңгейін анықтау және оны дамытуға бағытталған педагогикалық әдістердің тиімділігін эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, құрылымдалған әңгімелесу, диагностикалық тапсырмалар және педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Диагностикалық бағалау Е.П. Кузьмичеваның сөйлеу арқылы есту қабілетін зерттеу әдістемесі негізінде бейімделген тапсырмалар арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері нашар көретін балалардың мәтінді қабылдау, негізгі ойды анықтау, ақпаратты есте сақтау және мазмұндау барысында қиындықтарға кездесетінін көрсетті. Сонымен қатар мәтінді кезең-кезеңімен тыңдату, сөздік жұмысын ұйымдастыру, сұрақ-жауап әдістері мен мнемотехникалық тәсілдерді қолдану олардың тыңдалым дағдыларын дамытуда тиімді екені анықталды.