ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ЕСЕПТІК-ТАЛДАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЭКО-ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ТИІМДІЛІГІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.62687/esm.1.2.2026.66
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы өнеркәсіптің даму жағдайында өзектілігін жоғалтпаған экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылады. Қоршаған ортаға өнеркәсіптік өндірістің теріс әсерін төмендетудің негізгі бағыттарының бірі ретінде эко-инновациялардың рөліне ерекше назар аударылады. Отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінде ұсынылған «эко-инновациялар» ұғымына берілген әртүрлі анықтамалар талданып, олардың тұрақты дамуға қол жеткізудегі маңыздылығы ашып көрсетіледі. Ғылыми көзқарастарды жалпылау негізінде эко-инновацияларға өнеркәсіптік өндірістің экологиялық таза үдерістерін қалыптастыруға бағытталған идеяларды әзірлеудің нәтижесі ретінде авторлық анықтама ұсынылады. Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайдың жүйелі және ауқымды сипаттағы мәселелермен ерекшеленетіні атап өтіледі, бұл негізгі экологиялық көрсеткіштерді талдау нәтижелерімен дәлелденеді. Осыған байланысты эко-инновацияларды өнеркәсіп секторына белсенді түрде енгізу елдің экологиялық жағдайын жақсартудың маңызды құралы ретінде айқындалады.