Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы теміржол тасымалы нарығын либеризациялау жаңа тасымалдаушы компаниялардың пайда болуына ықпал етеді, бұл «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) атынан ұлттық тасымалдаушымен бәсекелестікті күшейтеді. Мұндай жағдайларда әрбір тасымалдаушының ерекшелігіне бейімделген қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу ерекше маңызға ие болады. Бұл теміржол тасымалы нарығын тұрақты және қауіпсіз дамыту үшін қажет. Ұсынылған жұмыста тәуекелдерді басқару процестерін нормативтік-құқықтық реттеуге талдау жүргізілді, жеке тасымалдаушылардың қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесінің (ҚҚБЖ) дамуындағы кедергілер сипатталды, тәуекелдерді сәйкестендіру процесіне қолданыстағы тәсілдер қарастырылды, сондай-ақ тігінен бөлінген басқару құрылымы жағдайында жұмыс істейтін тасымалдаушылардың қозғалыс қауіпсіздігінің ықтимал тәуекелдерін жіктеу, сипаттау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.