БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕЛГЕН ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3106-7522.2026.2.2.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауда анатомия ғылымының маңызды-лығы мен дене жаттығуларының ағза жүйелеріне әсері жан-жақты қарастырылады. Бұл мақалада адам анатомиясының негізінде дене жаттығуларының тиімділігі мен олардың дене шынықтыру мамандығында оқитын студенттердің кәсіби дамуындағы рөлі қарастырылады. Қаңқа-бұлшықет жүйесінің қызметі, жаттығулардың физиологиялық әсері мен анатомиялық ерекшеліктері теориялық және практикалық тұрғыда талданады. Адамның тірек-қимыл аппараты мен бұлшық ет жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері, сондай-ақ түрлі қозғалыстардың физиологиялық тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде анатомиялық білімнің рөлі талданады. Мақалада білім алушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, дене жаттығуларының ғылыми негізделген әдістерін меңгеру және оны кәсіби қызметте дұрыс қолдану жолдары ұсынылады. Мақала дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша оқитын студенттерге, оқытушыларға және әдіскер мамандарға арналған. Бұл мақалада қаңқа-бұлшықет жүйесінің адам ағзасындағы рөлі, дене жаттығуларының анатомиялық әсері және дене шынықтыру саласындағы кәсіби дайындықтағы маңызы қарастырылады. Анатомиялық білімдерді болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде қолдану жолдары сипатталған.Бұл мақалада дене жаттығуларының анатомиялық негіздері мен олардың студенттердіңкәсіби даярлығындағы маңызы қарастырылған. Адам ағзасының қозғалыс аппаратының құрылымы мен қызметі, бұлшықеттердің, буындар мен сүйек жүйесінің жаттығулар кезіндегі рөлі талданады. Сонымен қатар, дене жаттығуларының физиологиялық және психологиялық әсерлері сипатталып, кәсіби дайындық сапасын арттырудағы орны айқындалады. Зерттеу нәтижелері болашақ мамандардың дене тәрбиесі мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда анатомиялық білімнің маңыздылығын дәлелдейді.